• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2013

Ақпараттар ағыны

235 рет
көрсетілді

*«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша биыл жас отбасылар үшін 3,5 мыңға жуық пәтер салынады. Атап айтқанда, Алматыда 120 пәтер, Солтүстік Қазақстанда 216 пәтер, Қостанайда 352 пәтер, Атырауда 234 пәтер, Қа­рағандыда 154 пәтер құрылысы жоспарланған.

*«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша биыл жас отбасылар үшін 3,5 мыңға жуық пәтер салынады. Атап айтқанда, Алматыда 120 пәтер, Солтүстік Қазақстанда 216 пәтер, Қостанайда 352 пәтер, Атырауда 234 пәтер, Қа­рағандыда 154 пәтер құрылысы жоспарланған.

*Астанада тамызда мектепке дейінгі білім беретін 52 мекеме ашылды. Соның ішінде 28 мектеп қазақ тілінде және 24-і орыс тілінде оқытады.

*Шымкенттегі Қошқар­ата өзені бойы әсем абатқа айналады. Қазір қызу жүріп жатқан бұл жұмыстардың биылғы алғашқы кезеңінде өзен бастауынан Ордабасы алаңына дейінгі 16 гектар жер толық игеріледі. Ал құрылысқа қажетті 452 млн. теңге қаржы қала бюджетінен бөлінді.

*Қазақстанда бауырдың қатерлі ісігі сырқатына қар­сы заманауи ем қолдану жө­нінде бастама көтерілді. Бұл қозғалыстың идеясын таратушы алматылық жас хирург Асхат Исбамбетов болып отыр.

*Елордада өзге ұлт өкіл­дері инновациялық әдістеме негізінде қазақ және ағылшын тілдерін меңгеріп шықты. «Диалог.kz» деп аталатын жоба аясындағы оқудың келесі кезеңі қыркүйек айында басталады деп күтілуде.

*Астанада тұңғыш тү­не­мелік орын ашылды. Оның кәдімгі мейманханалар мен пәтерлерден басты айыр­машылығы қолжетімділігі мен арзандығында. Мұндағы таза төсек, интернет, телевизор секілді ұсынылатын заттары бар жатынжайлардың тәуліктік құны 1500 теңге тұрады.

*Биыл Қызылордадағы көп қабатты тұрғын үйлер аулаларында 23 балалар спорт алаңы салынады. Бұл мақсатқа 103 млн. теңге бөлініп отырғанын тілге тиек еткен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұдан бөлек, 74,5 млн. теңгеге заман талабына сай 50 автобус аялдамасы бой көтеретінін мәлімдеді.

*Ақтауда спорттық покер клубы атын жамылған жасырын казино анықталды. Ұстау кезінде онда 20-ға жуық келуші мен сол жердің 9 қызметкері болған. Оқиға орнынан 450 мың теңгеден артық ақша тәркіленді.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.