ҚР Сыртқы істер министрлігіне қазақстандық мұсылмандарды қасиетті Рамазан айының аяқталуымен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің құттықтау хаты келіп түсті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
ҚР Сыртқы істер министрлігіне қазақстандық мұсылмандарды қасиетті Рамазан айының аяқталуымен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің құттықтау хаты келіп түсті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
«Осы күннің құрметіне орай менің отандастарым өзінің мол және бай әдет-ғұрпымен ерекшеленетін айт мерекесін тойлауға жиналған әлемнің барлық мұсылмандарына қосылады. Бұл отбасының мейірімділіктің, бейбіт өмір сүрудің мейрамы және бұл мереке бізді байланыстыратын ортақ құндылықтарымызды еске түсіреді», деп айтылған хатта.
Джон Керри біздің елдеріміз арасындағы байыпты ынтымақтастықтың жалғасуына сенім білдіріп, Қазақстан халқына Ораза айт мерекесін жақсы атап өтуге тілек білдірді.