Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында Қордайдағы қантөгіске кінәлілер жазаланатынын және зардап шеккендерге мемлекет қолдау көрсететінін мәлімдеді.
«Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы салдарынан арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім - біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!» деп жазды Мемлекет басшысы.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Қордайдағы жағдай тұрақты екенін және Бердібек Сапарбаев басқаратын комиссия жұмысын жалғастырып жатқанын айтқан еді. Сондай-ақ Президент дүнген баласының бейнежазбасына жауап берді.