Интерпол Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарына іздеу жариялады. Бұл туралы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (Қаржы полициясы) агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай арнайы өткізген брифингі кезінде мәлім етті.

«Қазіргі таңда Бергей Рысқалиевпен қылмыстық қауымдастықта тұрған 23 айыпталушының қылмыстық істерімен танысу процедурасы жүріп жатыр. Бұлардың 11-і осы күндері қамауда отырса, тағы 10 адам үйқамақта. Тағы екі адам ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр. Бүгінге дейін сот жүзінде Бергей Рысқалиев пен оның ағасы Аманжан Рысқалиевке, сондай-ақ тағы 9 адамға қатысты қамауға алу санкциясы берілді. Оларға халықаралық іздеу жарияланды. Іздеу Интерпол жүйесі бойынша жүреді. Былайша айтқанда, бұл қылмыскерлерді іздеуге енді осы халықаралық желісі бар елдердің барлығы қосылады», – деді ол.
Ресми өкіл сонымен бірге, Б.Рысқалиевтің жіті басшылығымен жұмыс жасаған аталған ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың әрекеті 71 млрд. теңгенің төңірегінен есептелетінін жеткізді. Мемлекетке келтірілген осыншама мөлшердегі шығынның 23 млн. теңгесі қазірге дейін қайтарылған. Мұны мүмкін еткен қаржы полициясы бұдан әрі қайтарымды жалғастыру мақсатында тағы жалпы құны 39 млрд. теңге тұратын мүлікке тоқтау салды.
Құрыш НҰРЫМБЕТ.