• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Ақпан, 2020

Жаңа тірек бекеттері

406 рет
көрсетілді

2020 жылдың 15 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының Шекара қызметі Мемлекеттік шекараның жекелеген аумақтарында тірек бекеттерін орналастыру туралы шешім қабылдады. Тірек бекеттеріне қарауылдық иттерді қолдану «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заңымен және мекемелік бұйрықтармен негізделген.

Шекарашыны итсіз елес­те­ту қиын. Шекарашы туралы кинолардың немесе шекара сақшыларына қойылған ескерткіштердің айнымас кейіп­ке­рі – ит. Иттің көмегімен шекарадағы есірткі, жарылғыш заттар тасымалы немесе шекарадан заңсыз өтуге талпыну сияқты кез келген құқық бұзушылық іс-әрекеттің жолы сенімді түрде кесіледі. Мысал келтіре кетсек, тек 2019 жылы ғана 34 заңсыз миграция каналының жолы кесіліп, 16 трансшекаралық қылмыстық топтың іс-әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұлардың көпшілігі арнайы үйретілген қызметтік иттердің көмегімен жүзеге асырылды.

Тәжірибе көрсетіп отыр­ға­нындай, шекарашылардың итін ешқандай техникалық прог­ресс немесе шекарашының кәсіби қырағылығы да алмас­ты­ра алмайды. Ғылым ит­тер­дің көру, иіс сезу, есту ана­лизаторларының адам мүм­кін­діктерінен жүздеген есе артық жұмыс істейтіндіктерін әлдеқашан дәлелдеген.

Ескерте кетейік, шекара­шы­­­лардың иттері шекарада өз бетімен қызмет етуге қа­жет­­ті негізгі әдістерге, соның ішінде қарауылдық қыз­мет ке­зін­­де бейтаныс адамдар­ды ұс­таудың агрессивті тәсіл­де­рі­не үйретілгендіктен жеке қа­уіп­сіз­дік­тері үшін азамат­тар­дың шекара сызығына жақын­да­мауы­на кеңес береміз.