Маңғыстау облыстық сотында өткен кеңейтілген кеңес жұмысында 2019 жылы атқарылған соттардың жұмысы талқыланды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Кеңес жұмысына Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев бастаған судьялар корпусы қатысты.
Іс-шара барысында өңірдегі сот төрелігін сапалы атқару, заңдылықты сақтау, соттардың жұмысын одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша алқа төрағалары, арыз-шағымдар бойынша және сот әдебі жөніндегі комиссиялардың төрағалары, Соттар әкімшісінің басшысы, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары баяндама жасады.
Кеңесте сөз алған Ержан Даулиев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылып, «Жоғарғы Сотымен «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленгенін атап өтті. Осы заңның жобасын талқылауды, халыққа түсіндіруді тапсырды.
Сондай-ақ Ержан Даулиев жергілікті соттардың жұмысындағы кемшіліктердің алдын алып, себептеріне талдау жасау, заңдылықтардағы жаңашылдықтарды барынша қолдануды қамтамасыз етуді тапсырды.