• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2013

Кинологтар еңбегі жемісін беруде

600 рет
көрсетілді

Адам алғаш итті қолға үйреткеннен кейін оны күтімге алып, қамқорлық жасағанына да мыңдаған жылдар өтті. Ал сол қолға үйретілген жануар адамдарға аң аулауда, жабайы аңдардан қорғау, үй күзеті сияқты қызметтер атқарып келеді. Қазіргі заман жағдайында да адам мен иттің қарым-қатынасы үзілген емес. Өйткені, табиғат оларға қажеттілік туғызатын мүмкіндіктер берген.

Адам алғаш итті қолға үйреткеннен кейін оны күтімге алып, қамқорлық жасағанына да мыңдаған жылдар өтті. Ал сол қолға үйретілген жануар адамдарға аң аулауда, жабайы аңдардан қорғау, үй күзеті сияқты қызметтер атқарып келеді. Қазіргі заман жағдайында да адам мен иттің қарым-қатынасы үзілген емес. Өйткені, табиғат оларға қажеттілік туғызатын мүмкіндіктер берген.

Бұл мәселе Қазақстан Респуб­ликасы Қарулы Күштерінде де елеп-ескеріліп, төрт аяқты асырандылар жеке құрам қатарында біраз қызмет атқаруда. Қызмет иттерінің негізгі бөлігін әскери полиция ұйымдары иемденіп, 13 жылдан аса әртүрлі жұмыстарды орындауға пайдалануда.

Төрт аяқты көмекшілердің жылдам есту мен өткір көргіштігі, жетекшінің кез келген бұйрығын орындауы мен ұсталғандар мен қамауға алынғандарды алып жүрудегі қызметтері айрықша. Иттің иіс сезімі – қару-жарақты, жарылғыш заттарды және есірткі құралдарын анықтау мен іздестіру кезінде қолданылады. Әр иттегі осындай қасиетті дамыту үшін өз ісінің маманы болу және оларды баптау мен үйрету жүйесіне үнемі үлкен күш жұмсалады.

Әскери полиция кино­логтарының жемісті жұмыстары да айтарлықтай нәтижеге жетіп келеді. Мысалға, ағымдағы жылдың мамыр айында Өскемен қаласында өткізілген «Шығыс. Көктем. 2013» халықаралық сер­тификаттық иттер көрмесінің бастаушысы болып шыққан Шығыс Қазақстан кинологтарының бірлескен одағы, «Аякс» өңірлік кинология орталығы және Ресей ұжымының ерікті кинологтық қоғамы нәтижелері бойынша, халықаралық дәрежелі сарапшылары мен әскери полиция кинологтарына және олардың қызметтік иттеріне «САС», «UKCIB» атағы беріліп, жоғары бағаланды. Талдықорған гарнизонының («Бүркіт» атты Бельгия овчаркасы) және Өскемен гарнизонының («Пэгги» атты неміс овчаркасы) әскери полиция органдарының кинологтары ерекшеленді.

Әскери полицияның қызметтік иттерін үйрету, оқыту және өсіру жөніндегі өткізіліп жатқан жұмыстар үнемі ілгері жылжып, тұрақтылық негізінде басқа да ведомстволық құрамының кинологиялық қызметтерімен және де кинологиялық клубтармен тәжірибе алмасу жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, Германия және Австрия секілді Еуропа мемлекеттерінің ведомстволық құрылымдарының кинологиялық қызметтерімен өзара байланыс жақсы жолға қойылған. Мысалы, 2010 жылы әскери полиция кинологтары Австрия ІІМ Кинологиялық орталық базасында өткізілген квалификацияны жоғарылату курстарында оқудан өтті. Оқудың аяқталу барысында қазіргі уақытта тұқымдық қызметте пайдалануға жоспарланған «Малинуа» Бельгия овчаркасы біздің кинологтарға тапсырылды.

Әлемдік тәжірибеге сәйкес, жақын арада Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағы кешенінің базасында, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жоғары білікті кинологтармен бірге жақсы үйретілген қызметтік иттермен қамтамасыз ететін мамандарды және қызметтік иттерді дайындайтын кинологиялық бөлім құрылады. Мысалы, барлау бөлімшелері және аэроұтқыр әскерлерімен өткізілетін арнайы операцияларға қатысатын, іздестіру-құтқарушы және медицина бөлімшелеріне, инженерлік әскерлердің сапер топтарына, әскер қарауылы құрамында сақтау базаларын, арсеналды және басқа да маңызды нысандарды күзету жұмысын атқаруға қызметтік иттер дайындығына үлкен назар аударылады. Төрт аяқты көмекшілердің сапалық сипаттамасын жоғарылату және қажеттілікті толтыруға, заманауи үздік технология қолдана отырып бір мезгілде тұқымдық және селекция жұмыстары үшін база құрылады. Осыған орай, аталған жобаларды іске асыру үшін, ғылыми негізде дайындық, қайта даярлау және кинологтардың біліктілігін жоғарылатуға тиісті бағдарламалар әзірленуде.

Әскери полиция органдары кинологиялық қызметінің көр­­сеткіші деп биылғы Отан қор­ғаушылар күніне арналған қызметтік иттердің жауынгерлік парадқа қатысуын айтуға болды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихында бірінші рет олар қызметтік міндеттерін орындау процесін белгілеп, әскери полиция киноло­гиялық қызметінің жемісін көрсете білді.

Рүстем ЖАҢБЫРОВ,

ҚР ҚК ӘПББ Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамас

Соңғы жаңалықтар