Жазғы демалыс кезінде облыс орталығындағы негізгі көшелердің қиылыстарындағы апатты оқиғалардың алдын-алу, жол жүру ережелерін насихаттау барысында Халықаралық бағдаршам күніне арналып мектеп оқушылары «Біз – жолдағы қауіпсіздік үшін!» атты шарасын өткізді. Шараны «Нұр Отан» ХДП-ның және «Жас Отан» жастар қанатының облыстық бөлімшелері мен ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасы ұйымдастырды. Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жол жүру ережелеріне арналған ақпараттық қағаздар таратты.
– Бүгінгі күнге дейін балаларға қатысты 485 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Енді біраз күндерден соң жаңа оқу жылы да басталады. Біздің бұл шараны өткізуіміздің өзі жаңа оқу жылы алдындағы үлкен сабақ деп ойлаймыз. Мұндай шараларды өткізудегі мақсат жолдағы апаттық оқиғалардың алдын-алуға бағытталып отыр. Жол ережелерін өрескел бұзып, ауыр зардаптарға әкеліп соғып жатады. «Сақтансаң – сақтайды» деген. Балалар осыны түсінулері керек, дейді әкімшілік полиция басқармасы жол-патрульдік бөлімінің инспекторы Серік Жұманов.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.