• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2013

Ағылшын саяхатшысы Семейде

474 рет
көрсетілді

Семейге ағылшындық саяхатшы Уильям Джонсон келді.

Семейге ағылшындық саяхатшы Уильям Джонсон келді.

Ол Англиядан бас­тап, бүкіл әлемді аралап келеді екен. Бұл сапары жолында Қазақстан оған 30-ыншы ел болып тұр. 23 жасар жігіт –Оксфорд университетінің студенті. Университетте экономиканы оқып, бос уақытында вело­спортпен айналысқан. Соның нәтиже­сінде ол велосаяхат жасауға құмар болып­ты. Өткен жылдың наурызында ол жер жү­зіне саяхат жасауды бастап, жарты жыл ішінде Франция, Германия, Еуропа, Орталық Азия елдерінде болған. Міне, енді Қазақстанды да аралап келе жатыр.

– Мен Қазақстанның Англиядан әлде­қай­да үлкен екендігін көрдім, – дейді ол. – Жол ұзақ. Әр 200-300 шақырым сайын тоқтап отырдым. Жол бойында дәм­ха­налар кезікті. Сапар барысында тамақ­ты үнемдеу керек болды. Әйтпесе, жол ұзақ­тығынан келесі тамақ ішетін жер­ге жетпей де қалуым мүмкін еді. Оның үстіне жалғыз өзің жол бойында келе жатып, ішің пысады, ешкіммен тіл қатыс­пайсың.

Семейлік студенттер ағылшынның өзі келгеніне қуанып, сол тілде сөйлесіп қалды. Әңгіме-дүкен қызықты өтті. Енді Қазақстаннан кейін Уильям Ресейге сапар шекпек. Новосібір мен Иркутскіден кейін Моңғолияға бармақшы.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.