• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Ақпан, 2020

Елордадағы Бөгенбай батыр даңғылындағы жол қозғалысына шектеу қойылды

229 рет
көрсетілді

16 қаңтардан 1 қазанға дейін темір жолдардағы көпірдің тірек бөлігінің күрделі жөнделуіне байланысты Бөгенбай батыр даңғылындағы Уәлиханов көшесінен Ақжол көшесіне дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектелді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қозғалыс шектеулеріне байланысты жолақтардың саны әр бағытта 4-тен 2-ге дейін азаяды. Аталған учаскедегі жүктемені азайту үшін автобус маршруттарын қоспағанда, көпірден солға Ш.Уәлиханов көшесіне бұрылуға уақытша тыйым салынған.

Сондай-ақ шамадан тыс жүктемені алдын алу үшін жақын маңдағы қиылыстарда жанама шаралар өткізіледі. Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептелістерді болдырмас үшін маршруттарын алдын-ала жоспарлау қажеттігі ескертіледі.