• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Ақпан, 2020

Мәжілісмендер бір күндік жалақысын Қордайда зардап шеккендерге көмек қорына аударды

140 рет
көрсетілді

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы бір күндік еңбек жалақыны Жамбыл облысы, Қордай ауданында болған қайғылы жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін аудару туралы Қаулы қабылдады. Бұл туралы Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы аудан тұрғындарының тіршілігін, бүлінген үйлерді, инфрақұралымдарды қалпына келтіруге бағытталады.

Мәжілістің бір топ депутаттары қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің тапсырмасымен құрылған үкіметтік комиссиямен бірге, Қордай ауданында жұмыс істеуде.