• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2013

Телеэкспедиция

294 рет
көрсетілді

Атырау облысының әкімдігі жаңа идеяны қолдады. Ал оны «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау филиалы ұсынды. Идея дегенде ұлт тарихының мұнайлы өңір аумағындағы құндылықтарын жұртшылыққа тереңірек жет­кізуді көздеген «Хазардан –Қа­­зақ­­қа дейін» атты жаңа теле­экспе­дицияны айтып отырмыз.

Атырау облысының әкімдігі жаңа идеяны қолдады. Ал оны «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау филиалы ұсынды. Идея дегенде ұлт тарихының мұнайлы өңір аумағындағы құндылықтарын жұртшылыққа тереңірек жет­кізуді көздеген «Хазардан –Қа­­зақ­­қа дейін» атты жаңа теле­экспе­дицияны айтып отырмыз.

– Мұның мақсаты – деді об­лыс әкімінің орынбасары Шың­ғыс Мұқан телеэкспедицияны алғашқы сапарға шығарып са­лу рәсімінде, – қанша ғасыр өт­се де маңыздылығын жоймай­тын тарихтың куәсі – Ұлы Жі­бек жолын негізге ала отырып, Атырау облысы өңіріндегі тари­хи-мәдени мұраларға сая­хат жасау. Аймақтың та­рихи-мәдени мұрасын қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде облыс бойынша 313 тарихи-мәдени ес­керт­кіш, 525 мәдени нысан тір­келген. Туған өлкеміздің баға жетпес жәдігерлері өлкетанушы, археолог, тарихшылар мен жур­налистердің деректері арқы­лы қалың жұртшылыққа жеткізіл­мек.

Мақат ауданынан бас­тау алатын алғашқы сапар Жылыой, Қы­зылқоға, Индер аудандарын­да жалғасын таппақ. Сонан соң, Атырау қаласы мен Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандары­ның елді мекендерінде жал­ғас­тыру көзделіп отыр. «Тарихи-мәдени ескерткіштер жыл сайын жаңадан анықталып жатыр. Археологиялық ескерткіштерді әлі де тереңірек зерттеп, мем­ле­кет­тік тізімге енгіземіз деген жос­парымыз бар», дейді тари­хи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инс­пек­цияның басшысы Ғалымжан Ысқақов.

Атырау өңірі тек мұнайы­мен ғана танымал емес. Ұлы Жі­бек жолындағы батыс өлке­лер­дің кіндігі, қазақ ханды­ғы­ның тұңғыш астанасы Сарай­шық шаһары да осы өңірде орна­ласқаны баршаға белгілі. Сонымен бірге, Асан Қайғы салдырған делінетін Қорғанша қаласы, алтын адам табылған Арал­төбе қорымы секілді ежелгі тари­хи жәдігерге айналған мекендер бар. Жоңғар-қалмақ шап­қын­шылығы, Исатай-Махам­бет бастаған ұлт азат­тық көтерілісінің шежірелі тарихынан сыр шертетін тарихи орындар да көп. Демек, осының бәрі ұлт тарихының құндылығы ретінде кеңінен насихатталып, кейінгі ұрпаққа шашаусыз жеткізілуі тиіс.

Телеэкспедиция құрамында 12 адамнан тұратын кәсіби тележурналистика майталмандары мен археологтар, тарихшылар және өлкетанушылар бар. Оның құрамындағы топ жетекшілерінің бірі, «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау филиалының редакторы Е.Есмұратованың айтуынша, телеэкспедиция қо­ры­тындысымен мұнайлы өңір­дегі жаңа жоба –10 бөлімнен тұра­тын деректі фильм түсіріліп, арнайы кітап шығарылмақ.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы.

Суретті түсірген

Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.