• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Ақпан, 2020

Нұр-Сұлтанда «Ашық әкімдік» форматындағы азаматтарды қабылдау өтті

214 рет
көрсетілді

«Ашық әкімдік» форматындағы ашық есік күні «Жанұя» отбасы инс­титутын қолдау орталығында өтті. Елорда әкімі Алтай Көлгінов, әкім орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері азаматтарды қабылдады.

Бір күн ішінде 700-ге жуық адам қабылданды. Қала басшылығымен кездесуге келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй мәселелері бойынша жүгінді. Алтай Көлгі­нов биыл қалада Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасына сәйкес қол­жетімді тұрғын үй көлемі едәуір ұлғайтылатынын айтты. Сонымен қа­тар бірінші кезекте үйді кезекте тұрған азаматтар алатынын мә­лімдеді.

Мемлекет қолдауының арқасында «GLB» үй құрылысы комбинатының жұмысы қайта жанданды. Құрылыс кәсіпорны үйдің сапасына нұқсан келтірмей, шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және ғимарат салу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ азаматтар жұмысқа орналасу, медициналық көмек алу, балаларды балабақшаға орналастыру мәселелері бойынша өтініш білдірді. Үлестік құрылыс және тағы басқа мәселелер көтерілді. 2019 жылдың қа­ра­ша айында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Мем­­лекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасын жүзеге асыру аясында «Азаматтарды қабылдаудың бірың­ғай күні» жалпы республикалық іс-шарасы өткен болатын.

Айзере САМАРҚАН