Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер мен əйелдер арасында ел чемпионаты өтуде.
Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан жəне облыс орталықтарынан 14 команда қатысып жатыр. Ұзын саны 186 спортшы 20 салмақ дəрежесі бойынша бақ сынайтын сайыс қорытындысы 14 ақпанда белгілі болады. Сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын құрама команда да осы жарыс нәтижесіне қарай жасақталады.
Жарыстың салтанатты ашылуына облыс əкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов қатысып, спортшыларға сəттілік тіледі.