• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Саясат 11 Ақпан, 2020

Қазақстан Елшісі Эстония Парламентінің спикерімен кездесті

149 рет
көрсетілді

Таллинн қаласында Қазақстан Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстонияның Рийгикогу (Парламент) спикері Хенн Пыллуаас мырзамен кездесу өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Х.Пыллуаас екіжақты қатынастар үшін жағымды Эстонияда Қазақстанның Елшілігін ашу фактісін қанағаттанушылықпен атап, Қазақстан-Эстония ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.

Қазақстан мен Эстония парламенттеріндегі депутаттық достық топтарының қызметіне белсенді назар аударылды.

Елші Н.Сейтімов сұхбаттасушыны Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзгерістер туралы хабардар етті.

Тараптар электрондық үкімет, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылық салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың тиімді өсу үшін жақсы перспективалары бар екендігі туралы уағдаласты.