Тұрғын үй құрылысы бойынша жылдық жоспардың 45 пайызы орындалды. Биыл «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 6,6 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй тапсыру көзделген.
Тұрғын үй құрылысы бойынша жылдық жоспардың 45 пайызы орындалды. Биыл «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 6,6 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй тапсыру көзделген.
Астанада шілдеде 350-ден астам жаңа кәсіпорын мен ұйым ашылды. Жаңадан тіркелген субъектілердің негізгі бөлігі Алматы және Сарыарқа аудандарында шоғырланған.
Павлодар облысында «Жайлау» бағдарламасына 200 млн. теңге бөлінді. Оның аясында өңірдің ауыл тұрғындарына қайтару негізінде «Бір адамға – 100 бас қой» бастамасы бойынша қойлар беріледі. Бес жыл өткен соң бағдарламаның әрбір қатысушысы мемлекетке 1 басқа 2 қойдан қайтаруы керек.
Жамбыл облысында Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізінің жаңа бөлігі іске қосылды. 48 шақырымдық аралыққа 2 көпір мен 50-ден астам су өткізетін құбыр салынды.
Ораза айты күндері Қостанай облысында жаңа мешіт пайдалануға берілді. Қашар кентінде бой көтерген құтхананы мұсылман қауымына Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі салып берді.
Жыл басынан бері Алматыдағы «Медеу» саябағына 4460 ағаш отырғызылды. Оның 4160-ы қылқан жапырақты ағаш, 300-і қайың.
Қазақстанда жер заңнамасы аясында 2 210 заң бұзушылық анықталды. Осыған орай 1895 оқиға бойынша жалпы сомасы 296 млн. теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды. Ал 273 жағдайда ескерту жасалды. Сонымен қатар 2011 жылы салынған 569 айыппұлдың биыл 89,9 млн. теңгесі өтелді.
Еліміздің үш аймағында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету төменгі қалпында қалып тұр. Атап айтқанда, қазір Қызылорда облысында бұл көрсеткіш 55 пайызды, Жамбыл облысында 77 пайызды, БҚО-да 79 пайызды құрап отыр.
Орал қаласында екі адам есірткімен қолға түсті. «Көкнәр» жедел алдын алу шарасы барысында полицейлер олардың қалталарынан 1,23 және 1,86 грамм героин тәркіледі.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.