• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2013

Екі мәселе де ведомствоның бақылауында тұр

261 рет
көрсетілді

Кеше Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановтың қатысуымен аталған ведомствоның дәстүрлі брифингі өтті. Онда екі мәселе төңірегінде әңгіме қозғалды.

Кеше Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановтың қатысуымен аталған ведомствоның дәстүрлі брифингі өтті. Онда екі мәселе төңірегінде әңгіме қозғалды.

«Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі Бас консулдығынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2013 жылғы 8 тамызда Массачу­сетс штатының Ворчестер жоғар­ғы соты Қазақстаннан асырап­ алынған екі балаға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстың көптеген тармақтары бойынша айыпталушы Джозеф және Линда Мэйотты кінәлі деп таныды», деді алғашқы мәселе төңірегінде баспасөз хатшысы. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Д. Мэйотт тұтқындалған, ал оның зайыбы ауруханадан шыққаннан кейін тұтқындалмақ.

«Соттың үкім шығару күні 22 тамызға белгіленген. Бұл мәселе ҚР СІМ-нің қатаң бақылауында тұр. Жаңа мәлімет келіп түскен жағ­дайда, қосымша хабарлайтын боламыз», деді өз сөзінде Н.Айтмаханов.

Брифингте көтерілген екінші мәселе, Қазақстан Республикасының азаматтары Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевқа қатысты болды. Баспасөз хатшысының айтуынша, Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі Бас консулдығының ақпаратына сәйкес, 2013 жыл­ғы 8 тамызда Федералды Үл­кен әділқазы (Grand Jury) қа­зақ­стандық азаматтар Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевқа қатысты айып тағуды қолдаған. Айып екі тармақтан тұратын көрінеді. Біріншісі – тергеуге кедергі келтіру мақсаты бойынша алдын ала келісім, екіншісі – тергеуге кедергі жасау, қылмыс­керге көмек көрсету және аран­датушылық.

«Аталған айыптар бойынша олар 25 жыл мерзімге бас бос­тандығынан айырылуы мүмкін (1-тармақ бойынша 20 жыл, 2-тармақ бойынша 5 жыл). Сонымен қатар, сол жазаны өтегеннен кейін кезекті 3 жыл бақылауда болып, 250 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл жазасы кесілмек. Сот отырысы 13 тамызға көзделген, онда айыпталушылар (А.Тәжаяқов пен Д.Қадырбаев) өз кінәларын мойындамай, басқа іс-жүргізу формальдылығы сақталатын болады деп күтілуде. Айыпталушылар өз кінәларын мойындамағаннан соң, сот үдерісі барлық жағдайлармен танысу фазасына және жекелеген дәлелдер бойынша наразылық білдіруге көшетін болады. Аталған үдеріс дәстүр бойынша айтарлықтай ұзақ уақытты талап етеді, сондықтан белгісіз уақытқа созылуы мүмкін екендігін атап өткіміз келеді», деді Н.Айтмаханов.

Баспасөз хатшысы, сондай-ақ, еліміздің Сыртқы істер ми­нис­трлігі бұл мәселені бақы­лау­да ұстап отырғанына, Бас кон­сулдықтың қызметкерлері біз­дің азаматтарымыздың ата-анала­рымен және адвокаттарымен тұрақты түрде байланыста екеніне тоқталып өтті.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар