• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2013

Қазақстандық қос студенттің жағдайы қиын

311 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Бостон қаласындағы үлкен алқабилер соты қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевқа марафоннан кейін орын алған теракт жай-жапсарын тексеру кезінде құқық қорғаушыларға кедергі келтірді деп тағылған айыптың дұрыстығын мақұлдады.

AFP агенттігінің мәлім­деуінше, енді қазақ жігіттеріне 20 жыл түрмеде отыру қаупі төніп тұр. Бұл екі жас жігіт биылғы мамыр айының басында қамауға алынған болатын. Олар тергеу кезінде өздерінің жоғарыда аталған лаңкестікке қатысты айғақ заттардан құтыл­мақ болғандарын мойындапты. Федералды барлау бюросы Джохар Царнаев марафонға фейерверктер мен ноутбук салып барған арқаға асатын қапшықты соңынан осы студенттер тұрған пәтерге әкелінгенін айтады. Бұл екеуі кейін қауіп төне бастаған шақта оны терезеден лақтырып жіберген. Артынша арнайы қызмет қызметкерлері айғақты рюкзакты күл-қоқыс арасынан тауып алған.

Еске салып өтсек, Тамерлан және Джохар Царнаевтарға үстіміздегі жылғы 15 сәуір күні Бостондағы марафонның соңын ала орын алған жарылыстың тікелей жасаушылар ретінде айып тағылып отыр. Сол оқиғаның салдарынан 3 адам қаза тауып, 180 адам әртүрлі жарақат алды. Тамерлан полицейлермен атыс кезінде қаза тапты, ал Джохар артынша қолға түсті.

Сұлтан БОЗАЙҒЫР.

Соңғы жаңалықтар