• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2013

Атты жасақ шеруі

390 рет
көрсетілді

Ауғанстан соғысы жауын­гер­лерінің одағы құрылғанына биыл 30 жыл және Астанаға 15 жыл толуына орай Семейге атты жасақ марафоны келіп жетті. Шеру Талдықорған қаласынан бастау алған екен. Олар қыркүйектің 6-сына дейін қазақтың жеті түрлі асыл тұқымды тұлпарына мініп, 3065 шақырымды жүріп өтпек. Шабандоздар Алматы облысының 9,10 сынып оқушылары. Осы акцияның ұйымдастырушысы Шормақ Ілиясовтың айтуынша, келер жылы Ауғанстан жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толады. Ал екі жылдан соң Ұлы Жеңістің 70 жылдығы той­ланбақ. Біз әр қалада интерна­ционалист жауынгерлермен және «Нұр Отан» партиясының өкіл­дері мен «Жас Отан» жастар қана­тының мүшелерімен осындай керемет сәттерде кездесудеміз, алған әсеріміз де өте жақсы, дейді ол.

Семейде өткен митингке қа­тысқан олар жауынгер-интернацио­налистерге арналған монументке гүл шоқтарын қойып, бір сәт қаза тапқандарды еске алды. Сосын атты шеру Жеңіс саябағына барып, тағзым етіп, Түйемойнақ аралында «Өлімнен де күшті» монументіне десте гүлдер апарды. Бұлар Се­мей­ден кейін Павлодар, Астана, Қарағандыға және Жамбыл облысына жол тартпақ.

Раушан Нұғманбекова.

СЕМЕЙ.

Соңғы жаңалықтар