• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Ақпан, 2020

Шетелдіктер Маңғыстаудағы мәдени шараларға белсене қатысты

235 рет
көрсетілді

2019 жылы облыс бойынша М. Өскінбаев атындағы облыстық филармония 59 800 көрерменді қамтумен 251 концерт өткізді. Музейлер 68 184 келушіні қамтумен 74 көрме, 81 лекция, 2692 экскурсия ұйымдастырды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің халық алдында берген есебінде айтылды.

Маңғыстау облысының мәдениет және өнер ұйымдары 2019 жылы бірқатар ірі мәдени-көпшілік шара өткізді. Атап айтсақ, Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Ә.Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Шара барысында Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың қатысуымен Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Әбіш Кекілбайұлы ескерткіші салтанатты түрде ашылды.

Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған әдебиет және өнер қайраткерлерінің халықаралық конгресі, сондай-ақ бірінші халықаралық «ABISH ALEMI» театр фестивалі ұйымдастырылып, оған Армения, Грузия, Иран, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Түркия және Қазақстандық театр ұжымдары белсенді қатысты. 

«Маңғыстаудың тарихи-мәдени мұраларын зерттеудегі жаңа көзқарастар мен перспективалар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы Ұлыбритания (Оксфорд университеті), Әзірбайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінен келген ғалымдар мен мамандардың басын қосты. Барлығы 100-ге жуық қатысушы жиналды.

«Қырымның қырық батыры» Қазақ халқының теңдессіз эпопеялық шығармасы мен оны осы заманға толық жеткізуші, даңғайыр жырау Мұрын Сеңгірбекұлының есімін кеңінен насихаттау мақсатында жыраудың 160 жылдығына арналған «Мұхиттан қалмыш теңіз-жыр» республикалық жыршылар конкурсы өтті.

Маңғыстауда 14 наурызда тойланатын Амал мерекесі Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында екінші жыл республикалық деңгейде аталып өтті. Шараға Ақмешіттен, Сарайшық кесенесінен, Өзбекстаннан, Ичанкала мемориалдық кешенінен, Хорезм облысынан және Ноғай елінен келген қонақтар мен Қазақ Ұлттық мәдениет орталығының өкілдері белсене атсалысты. 50-ден астам киіз үй тігіліп, 200-ден астам өнерпаз өнер көрсетті. Сондай-ақ, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізіліп, аламан бәйге ұйымдастырылды.