• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2013

Финалдық раундқа шықты

240 рет
көрсетілді

Футболдан Ақтөбенің «Ақтөбе» клубы Исландияның «Брейдаблик» командасын ойыннан кейінгі пенальтиде ұтып, Еуропа лигасының финалдық раундына жолдама алды.

Футболдан Ақтөбенің «Ақтөбе» клубы Исландияның «Брейдаблик» командасын ойыннан кейінгі пенальтиде ұтып, Еуропа лигасының финалдық раундына жолдама алды.

Матч исланд елінің астанасы – Рейкьявиктегі «Лейгардальсведлюр» стадионында өтті. Кездесу бірден тартысты басталды. Алаң иелері кездесудің 27-минутында есеп ашты. Оны команда капитаны Финнур Маргейрссон өз есебіне жазды. Сөйтіп, исландтар Ақтөбеде өткен бірінші ойынның нәтижесіне жетті. Бұдан кейін есепті өзгертуге екі жақтың да біраз мүмкіндіктері болды. Әйткенмен, алаң иелерінің шабуылдары барынша қауіпті болып жатты. Солардың бәрін қайтарып, қақпаға доп дарытпаған қақпашы Андрей Сидельников ерекше көзге түсті. Соның арқасында 1:0 деген есеп матчтың соңына дейін сақталды.

Бұдан кейін қарсыластар 15 минуттық екі кезеңнен тұратын қосымша тайм ойнап, онда жеңімпазды анықтай алмады. Ал ойыннан кейінгі пенальтиде ақтөбеліктер мергендік танытты. Есеп – 2:1. Мұнда Тимур Кападзенің соққан соңғы добы қазақстандықтарды келесі кезеңге шығарды.

Еске сала кетейік, мұның алдында Ақтөбеде өткен бірінші кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Онда кездесудің ең соңғы минутында пенальтиден гол соққан Марат Хайруллин өз командасына жеңіс әперген болатын.

Осымен біздің екінші команда Еуро­паның клубтық футбол турнирінің финал­дық кезеңіне жолдама алып отыр.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Соңғы жаңалықтар