• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2013

Алаяқ әкімдік қызметкері болып шықты

266 рет
көрсетілді

Көкшетау қалалық со­ты­ның үкімімен Көкшетау қалалық әкімдігінің бұ­рынғы бас маманы жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Іс мән-жайы мынадай: сотталушы өзінің таныстарын Астана және Көкшетау қалаларында пәтерлер мен жер телімдерін алып бере­мін деп алдаған. Атап айт­қанда, 2012 жылдың желтоқ­сан айында сотталушы өзінің бір танысынан жер телімін әперемін деп 250 мың теңге алған. Сол ақша­ны беріп жатқан кезінде қар­жы полициясының қыз­мет­керлері алаяқты ұстап алған.

Сот сотталушының бұ­рын сотты болмағандығын, өзі­нің кінәсін толық мойын­дағандығын, жәбір­ле­нушілерге келтірілген шы­ғынды жартылай қайтар­ғандығын ескерді.

Сондай-ақ, сот сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 2 000 000 (екі миллион) теңге материалдық шығын мен 20 000 теңге мем­лекеттік баж салығын өн­діріп берді, деп хабарла­ды Ақмола облыстық соты­ның баспасөз қызметі.