Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады деп күтіледі. Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с болады.
Көкшетау қаласында оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Нұр-Сұлтан қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде желдің күші – 15-20 м/с.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, желдің күші күндіз кей жерлерде 18 м/с болады деп күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с.
Шымкент қаласында тұман түседі деп күтіледі.
Қызылорда облысында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.