Алматы қаласы Әділет департаменті жеке нотариус К.К.Ақановаға қатысты «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 16 мамыр күнгі нөмірінде жарияланған Ш.Әміровтің «Мемлекеттік тілді менсінбейтін нотариустың өзі ме, әлде сондай нұсқау бар ма?» атты мақаласын зерделеді.
Мақалада көрсетілген дәлелдерді тексеру мақсатында, нотариус К.К.Ақановадан, азамат К.Абуовтен түсініктеме алынды және Алматы қаласы Нотариалдық палатасына сұрау хат жолданды.

К.Абуовтің «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы бөлімшесіне хабарландыруға төленген ақшаны қайтару үшін қайтадан баруына орыс тіліндегі салалық газетте хабарландыру бағасының арзандығы себеп болғаны анықталды. Қаржылық қиыншылықтарға, тұрақты жұмысының жоқтығына, күн көру және қызының оқуын төлеу үшін екі жұмыста істеп қосымша табыс тауып жүргеніне байланысты, К.Абуов баспасөз басылымдарын таңдаған кезде, баспасөз басылымының тілі емес, хабарландырудың бағасын негізге алған.
Сонымен бірге, Алматы қаласы әділет департаменті өз қызметін «Әділет органдары туралы» ҚР Заңына және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, соның ішінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асыратынын хабарлаймыз.
Алматы қаласы әділет департаментінде іс-жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптар мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі.
«Әділет органдары туралы» ҚР Заңының 19-бабына сәйкес, Алматы қаласы әділет департаменті жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердің заңдылығы мен мемлекеттік және жеке нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылау функцияларын жүзеге асырады.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тарапынан жеке нотариустарға «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес қызмет жасау туралы нұсқау берілгенін хабарлаймыз.
Департамент қазақ тілінің беделін нығайту және дамыту, мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.
Д.АЙТМҰХАМЕТОВ,
Алматы қаласы әділет департаментінің басшысы.