• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2013

Оқ атқан жазасын алады

295 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 5 маусым күнгі санындағы Оралхан Дәуіттің «Оқ атқан кім?» атты мақаласы Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында қаралды.

«Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 5 маусым күнгі санындағы Оралхан Дәуіттің «Оқ атқан кім?» атты мақаласы Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында қаралды.

Мақалада көрсетілген мән-жайларды тексеру кезінде анықталғаны, 3 мамыр 2013 жылы сағат 18:00 шамасында Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне Түр­кістан қаласы «Талғат и К» клиникасынан Түр­кіс­тан қаласы, Бекзат м/а, Жәңгірхан көшесі, 98-үй тұрғыны Н.Сыздықов «сол көзімен сол қо­лы­ның шынтақ тұсынан от қаруынан алған жара­қаты, ІІ-ІІІ дәрежедегі травматикалық шок» диагнозымен түскені жайлы хабарлама берілген.

Аталған дене жарақатын Н.Сыздықовқа белгісіз азаматтар Түркістан қаласы, С.Ерубаев көшесі №16-үйдің тұсында белгісіз атыс қа­руы­мен сол күні сағат 17:20 кезінде салғаны анық­талған.

Осы оқиға бойынша Түркістан КІІБ белгісіз азаматтарға қарсы Қылмыстық кодекстің 24-ба­бы­ның 3-бөлігі, 96-бабының 2-бөлігі «и» тар­мағымен қылмыстық іс қозғаған, яғни «бұзақылық ниетпен бөтен адамға қасақана қаза келтіруге оқталып, өз қылмыстық іс әрекеттерін өзіне байланысты емес себептермен ақырына дейін жеткізе алмаған».

7 мамыр күні осы қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде аудандық соттың қаулысымен Т.Таңатовқа бұлтартпау шарасы – қамауға алу қолданылған.

Аудан прокуратурасы тарапынан қыл­мыс­тық іс бойынша тергеу амалдарының жан-жақ­ты және объективті түрде жүргізілуін және айыпталушы Т.Таңатовтың ата-анасы тара­пы­нан жазған арыздарындағы көрсетілген уәж­дерін тергеу барысында толық тексерілуін қам­тамасыз ету туралы жазбаша нұсқау берілген.

Қазіргі таңда осы қылмысқа күдікті Т.Таңа­тов­тың қасында болған басқа да азаматтарды анық­тап, оларды ұстауға бағытталған жедел-тергеу амалдары жүргізілуде, оның барысы об­лыс прокуратурасы тарапынан бақылауға алынды».

Ә.ҚОЖАХМЕТОВ,

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокурорының орынбасары.