• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №187

230 рет
көрсетілді

2013 жылғы 27 ақпан , Астана, Үкімет Үйі

Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын бекіту туралы

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қоса беріліп отырған Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасы бекітілсін.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі        С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 27 ақпандағы №187 қаулысымен бекітілген

Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасыР/с №    Атауы1    21. Тау-кен металлургия саласының басым тауарларының (тауар топтарының) тізбесі1    Қара металдардан жасалған (шойын құймадан басқа), мұнай немесе газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған сорғылы-компрессорлы және өзге де бұрғылық айналдыра салынатын құбырлар2    Илектеу процесiнде алынған немесе илектеуден кейiн бұралған, қуыстары, кертіктерi, ойықтары немесе басқа да деформациялары бар, темiрден немесе қоспаланған болаттан жасалған өзге де шыбықтар3    Ыстықтай басылғаннан, ыстықтай созудан немесе экструзияланғаннан басқа, одан әрі өңделмеген басқа темір немесе қоспаланған болаттан жасалған бұрыштар, фасондық немесе арнайы профильдер4    Балқытудан, ыстықтай басылғаннан, ыстықтай созудан немесе ыстықтай экструзияланғаннан басқа, одан әрі өңделмеген, темiрден немесе қоспаланбаған болаттан жасалған өзге де шыбықтар5    Лакталмаған және қапталмаған, жалтыратылған немесе жалтыратылмаған, темiрден немесе қоспаланбаған болаттан жасалған сым6    Темiрден немесе қоспаланбаған болаттан жасалған, қуыс, жіксіз, дөңгелек қималы өзге түтiктер, түтiкшелер және профильдер7    Енi 600 мм немесе одан астам, өзге де қоспаланған болаттан жасалған өзге де тeгiс илектер8    Тiк жiктi, флюспен доғалық дәнекерлеу әдiсiмен дайындалған мұнай және газ құбырларына арналған түтiктер9    Суық деформациядан немесе суық күйдегі әрлеуден басқа, одан әрі өңделмеген, қоспаланған болаттан жасалған өзге де шыбықтар10    Илектеу процесiнде алынған, қуыстары, кертіктерi, ойықтары немесе басқа да деформациялары бар темiрден немесе қоспаланбаған болаттан жасалған бос оралған бумалардағы ыстықтай басылған шыбықтар11    Диаметрi 14 мм-ден кем дөңгелек қима темiрден немесе қоспаланбаған болаттан жасалған бос оралған бумалардағы ыстықтай басылған өзге де шыбықтар12    Теміржол немесе трамвай жолдары үшін қолданылатын қара металдардан жасалған өзге де бұйымдар13    Алюминийден жасалған металл құрылымдары (9406 тауар позициясындағы құрастырылатын құрылыс металл құрылымдарынан басқа) және олардың    бөлiктері; металл құрылымдарында қолданылуға арналған бұйымдар14    Никель қорытпаларынан жасалған плиталар, табақтар, жолақтар немесе таспалар және фольга15    Алюминий қорытпаларынан жасалған өзге де шыбықтар мен профильдер16    Никель қорытпаларынан жасалған шыбықтар мен профильдер17    Қалыңдығы 0,15 мм-ден астам өзге де тазартылған мыстан жасалған плиталар, табақтар, жолақтар және таспалар18    Өңделмеген мыс және мырыш негiзiнде жасалған қорытпалар19    Мыс және мырыш негiзiнде жасалған қорытпалардан (жез) жасалған шыбықтар мен профильдер2. Машина жасау саласының басым тауарлары (тауар топтары) мен қызметтерінің тізбесі1    Өздігінен жүрмейтін жүк теміржол немесе трамвай вагондары2    Шығыс өлшегіштері бар немесе жоқ сұйықты сорғылар; сұйықты көтергіштер3    Жүк-жолаушы автомобиль-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, ең алдымен адамдарды тасымалдауға арналған (8 702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа) жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары4    Механикалық жетегі бар немесе жетегі жоқ аспаптарға немесе станоктарға арналған (мысалы, сығымдау, мөрлеу, кесу, ойманы кесу, тесу, егеу, созу, фрезерлеу, токарьлік өңдеу) алмастырылатын жұмыс аспаптары5    Сығымдау іріктеушіні, сабанды немесе шөпті бумаға орау үшін сығымдауды; шөп шабатын немесе көгал шабатын машиналарды; жұмыртқаларды, жемістерді тазартуға, сұрыптауға немесе калибрлеуге арналған маши наларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе механизмдер6    Қара металдардан жасалған бұрамалар, бұрандамалар, сомындар, тығындағыштар, бұрама ілмектер, тойтарма шегелер, сыналар, шплинттер, шайбалар (серіппелілерді қоса алғанда) және оларға ұқсас бұйымдар7    Жүк тасымалдауға арналған моторлық көлік құралдары8    Жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған моторлық көлік құралдары9    Ауыл шаруашылығы, топырақты дайындау мен өңдеуге арналған бақша немесе орман шаруашылығы машиналары; көгалдарға немесе спорт алаңдарына арналған илектер10    Топырақты, тасты, қатты күйдегі (оның ішінде ұнтақ немесе қоймалжың) руданы немесе басқа да минералдық қазбаларды сұрыптау, елеу, айыру, шаю, ұсақтау, ұнтақтау, қосу немесе араластыруға арналған жабдықтар11    Тракторлар (8709 тауар позициясындағы тракторлардан басқа)12    Жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатындардан басқа, арнайы мақсаттағы моторлы көлік құралдары (мысалы, апатты жүк автомобильдері, автокрандар, өрт көлік құралдары, автобетон араластырғыштар, жолды жинауға арналған автомобильдер, суаруға арналған автомобильдер, автошеберханалар, рентгендік қондырғылары бар автомобильдер)13    Топырақты, пайдалы қазбаларды немесе кендi араластыруға, жоспарлауға, профильдеуге, игеруге, нығыздауға, тығыздауға, қазып алуға немесе бұрғылауға арналған машиналар мен өзге де механизмдер; тiреуiштер қағуға және суырып алуға арналған жабдықтар; соқалы және роторлы қар тазартқыштар14    Металдарды көлемдi қалыптау, соғу немесе қалыптау арқылы өңдеуге арналған станоктар (сығымдағыштарды қоса алғанда); металдарды өңдеуге арналған ию, көмкеру, түзеу, кесу, тесу немесе шабу станоктары (сығымдағыштарды қоса алғанда); металл немесе карбидтерді өңдеуге арналған өзге де сығымдағыштар3. Құрылыс материалдарын жасау саласының басым тауарлары (тауар топтары) мен қызметтерінің тізбесі1    Еден төсеніштері2    Жабындық материалдар4. Химия өнеркәсібі саласының басым тауарлары (тауар топтары) мен қызметтерінің тізбесі1    Моноаммонийфосфат (МАФ) және диаммонийфосфат (ДАФ)2    Карбамид ((NH2)2CO)3    Поливинилхлорид (ПВХ)4    Полипропилен (ПП)5    Кальцийлендірілген сода (Na2CO3)6    Глифосат (C3H8NO5P)7    Цианды натрий (NaCN)5. Жеңіл өнеркәсіп саласының басым тауарлары (тауар топтары) мен қызметтерінің тізбесі1    Мақта-мата маталары2    Мақта-мата иірімжібі3    Жүн иірімжібі4    Төсек жабдықтары5    Киім, оның ішінде арнайы, сырт, балалар және спорт киімдері6    Шұлық бұйымдары7    Аяқ киім6. Фармацевтика өнеркәсібі саласының басым тауарлары (тауар топтары) мен қызметтерінің тізбесі1    Антибиотиктер (дәрілік субстанциялар)2    Ас қорыту жолдары мен зат алмасу ауруларын емдеуге арналған препараттар (дайын дәрілік заттар)3    Жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған препараттар (дайын дәрілік заттар)4    Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар (дайын дәрілік заттар)5    Қан және қан түзу ауруларын емдеуге арналған препараттар (дайын дәрілік заттар)6    Жүйелік әрекетті микробтарға қарсы препараттар (дайын дәрілік заттар)7    Ревматизмге қарсы және қабынуға қарсы препараттар (дайын дәрілік заттар)8    Тыныс алу жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар (дайын дәрілік заттар)9    Онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар (дайын дәрілік заттар)10    Туберкулезді емдеуге арналған препараттар (дайын дәрілік заттар)11    Иммунобиологиялық препараттар мен вакциналар (дайын дәрілік заттар)7. Көлік-коммуникациялық кешен саласындағы тауарлар (тауар топтары) мен қызметтердің тізбесі 1    4G технологияларын пайдалану арқылы интернет желісіне қолжетімділік қызметтері8. Мұнай және газ саласындағы тауарлар (тауар топтары) мен қызметтердің тізбесі1    Газ турбинасы2    Мұнайға батырмалы кәбілдер3    Манометрлер4    Сағалық центраторлар5    Жиілік өңдегіштер6    Химиялық қоспалар (деэмульгаторлар, ингибиторлар және т.б.)9. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы тауарлар (тауар топтары) мен қызметтер