• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №218

284 рет
көрсетілді

2013 жылғы 6 наурыз,  Астана, Үкімет Үйі

«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы №155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. " Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы №155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №8, 71-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:"2. Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау саласында:1) тауарлық газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;2) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;3) тауарлық газды Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау;4) сұйытылған газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушыны қосатын кранға дейін газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;5) тауарлық газды сақтау;6) шикі газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау.".2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі             С.АХМЕТОВ.