2013 жылғы 27 наурыз, Астана, Үкімет Үйі
«Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы №1247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. "Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы №1247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №59, 846-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабының 2-тармағына, 571-бабының 4-тармағына, 576-бабының 4-тармағына, 646-бабының 9-тармағына, 650-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:";1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.