• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №280

260 рет
көрсетілді

2013 жылғы 27 наурыз,  Астана, Үкімет Үйі

«Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы №1247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. "Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы №1247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №59, 846-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 жел­тоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабының 2-тармағына, 571-бабының 4-тармағына, 576-бабының 4-тармағына, 646-бабының 9-тармағына, 650-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:";1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі       С.АХМЕТОВ.