• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Ақпан, 2020

Өрт сөндірушілерге алғыс айтты

692 рет
көрсетілді

Өткен жексенбі күні кешке Солтүстік Қазақстанның Есіл ауданы Явленка селосының Позолотин көшесіндегі жеке үйде болған өрт дабыл бойынша № 10 өрт сөндіру бөлімінің гарнизонын тік көтерді.

3 минуттан кейін өрт орнына келген топ от лапылдап жатқан үйдің төбесін сөндіруге жедел кіріседі. Олардың тиянақты жұмыс істеулерінің арқасында Әдиевтердің жандары түгілі мүліктері де тегіс аман қалды. Өрт сөндірушілермен бірге «Қамқор-Есіл» ЖШС ерікті өртке қарсы құрылымының жеке құрамы және аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері жалынмен күрескенін айта кету керек.

Жақында ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловтың атына құтқарылған үйдің иесінен шын жүректен айтылған алғыс хат келді. «Біз Есіл ауданы Явленка селосы өрт сөндірушілеріне және ТЖБ қызметкерлеріне алғыс білдіргіміз келеді, олар 9 ақпанда біздің Позолотин көшесіндегі үйімізді жедел де шебер қимылдауларының арқасында аман алып қалды» делінген үй иесі Алмагүл Әдиеваның хатында.

Еңбектің жанып, халықтың алғысына кенелу деген осы болар.

 

Солтүстік Қазақстан облысы