• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Ақпан, 2020

Қазақстандық жеңіл атлеттер спорттық жүрістен Түркия чемпионатына қатысады

170 рет
көрсетілді

16 ақпан күні Түркияның Анталья қаласында спорттық жүрістен Түркия чемпионаты басталады. Бұл жайында Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыс бағдарламасына сәйкес, атлеттер 3,5,10 және 20 шақырымға жарысады. 

Аталған бәсекеге Қазақстан атынан төрт спортшы қатысады. Олар: Галина Якушева, Регина Рыкова, Айман Ратова және Диана Айдосова.

Спортшылардың барлығы 20 шақырымда сынға түседі.