• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Ақпан, 2020

​​ҚХР-дан 171 қазақстандық елге оралды

242 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласына Қытайдан қазақстандық азаматтар бар арнайы ұшақ келіп қонды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстандық дипломаттар Қытайдың 31 қаласынан 171 ҚР азаматын, сондай-ақ, 40 Қырғызстан азаматын елге алып келді. Ұшаққа біздің отандастарымыздың барлық жеке жүктері тиелді. Ұшар алдында барлық жолаушы арнайы медициналық тексеруден өтіп, ешкімнен дене қызуы немесе коронавирус белгілері анықталған жоқ.Жалпы, қазақстандық дипломаттар мен медиктердің Қытай билігімен үйлесімді жұмысы нәтижесінде 3-13 ақпан аралығында өткізілген 5 операция барысында ҚХР-дан Қазақстанның 479 азаматы, сондай-ақ, 64 шетелдік азамат (Армения, Беларусь және Қырғызстан) қайтарылды.Қазіргі таңда Қытайдағы ҚР Елшілігінің ақпараты бойынша ҚХР аумағында тағы 455 ҚР азаматы бар (оның 271-і - студент).«Осыған байланысты Қытай тарапына біздің азаматтарымызды елге қайтаруға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіре отырып, қазақстандықтардың атынан Қытай халқына шынайы қолдау сөзін жеткізгіміз келеді» делінген хабарламада.