Биыл қар көп, сондықтан қарғын судың қатері мол болуға тиісті. Әсіресе Солтүстік облыстарда қар күрт ерісе су басу қаупі зор. Үкімет те, ел де осыған алаңдаулы.
Тиісті қызметтердің қарғынға қарсы іс-әрекеттерін халыққа жеткізу мақсатында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Евгений Журавлевқа хабарласқан едік.
Оның айтуына қарағанда, әзірге солтүстікте ешқандай шұғыл дайындық жоқ, тек қар шығару жұмыстары мен техникаларды дайындау шаралары ғана жүргізіліп жатыр екен. Соның ішінде жедел әрекет ету үшін облыс аумағында құрамында 484 адам, 155 бірлік техника, 8 бірлік жүзу құралдары және 72 бірлік мотопомпа бар ішкі істер органдары арасынан күштер тобы құрылған. Ал жергілікті атқарушы органдар тарапынан, алдын ала деректер бойынша көктемгі кезеңге жеке құрамнан 1619 адам, 1163 бірлік техника, оның ішінде 299 бірлік су сорғыш техника, 109 бірлік ауыр инженерлік техника және 83 бірлік жүзу құралдары, жанар-жағармай және инертті материалдар, қаптар дайындалыпты.
Айта қаларлық шараның қатарында 6637 әскери бөлімінде төтенше жағдайда зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша сабақтар өткізілген. Сондай-ақ Ұлттық ұланның күштері жедел көмек көрсету үшін құрамында 60 адам мен 4 бірлік техника бар контингент бөлген.
Солтүстік Қазақстан облысы