Біріккен араб Әмірлігінің Gulf News күнделікті газеті әлемдегі ТОП-20 туристік бағдарды анықтады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл рейтингте үлкен Алматы көлі үздік бестікке енген. Сондай-ақ осы қатарда Исландия, Австрия, Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Үндістан мен Пәкістанның көрікті жерлері бар.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы БАӘ-нен елімізге келетін туристер саны 54%-ға артып, 8 100-ге жеткен.
Gulf News - Дубай, Біріккен Араб Әмірліктерінде ағылшын тілінде басылып шығатын күнделікті газет. Алғашқы саны 1978 жылы жарыққа шығып, бүгінде БАӘ-ға, сондай-ақ Парсы шығанағының басқа елдеріне таратылады. Оның ғаламтордағы басылымы 1996 жылы іске қосылды.