• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Руханият 15 Ақпан, 2020

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобы рекорд орнатпақ

284 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы 75 шығарма орындап, Қазақстан бойынша Гиннесс рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр.

Шара ұлттық өнерді насихаттау мақсатында және Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіледі. Өнер ұжымы 17 ақпанда «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында өнер көрсетеді.

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек осындай концерттің ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалыққа лайық екендігіне сенімді: музыканттар Қазақстанда алғаш рет non-stop режімінде музыкалық шығармаларды кідіріссіз, бір деммен жатқа ойнайды.

Соңғы жаңалықтар