• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Ақпан, 2020

Серік Сәлменов дзюдодан Еуропа кубогінің қола жүлдегері атанды

258 рет
көрсетілді

Австрияның Оберварт қаласында өткен Еуропа кубогінде қазақстандық спортшы Серік Сәлменов қола жүлдегер атанды.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметіне сәйкес, 100 келіге дейінгі салмақта  белдескен балуан кіші финалда швейцариялық Имала Оттоны жеңді.

Жарыс барысында ол барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жеткен. Тек жартылай финалда Бразилия өкілі Рафаель Бузакариниге есе жіберді.

Айта кетейік, Обервартта өткен Еуропа кубогін Қазақстан құрамасы екі қола жүлдемен аяқтады. Жарыстың бірінші күнінде Қанат Сейілхан (60 кг) қола жүлдені қоржынға салған еді.