• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Ақпан, 2020

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» былтыр 815 580 мемлекеттік қызмет көрсетті

312 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді 13 фронт-офис, 3 мобильдік ХҚКО жүзеге асырады. Бұл туралы аталған корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік қызметтер реестріндегі 723 қызметтің 648-і, яғни 89%-зы Мемлекеттік корпорация арқылы, оның 580 электронды түрде көрсетілді.

2019 жылы 815 580 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, соның ішінде 151 395 электронды түрде. (2018 жылы 1 377 536 мемлекеттік қызмет көрсетіді, соның ішінде 798 025 электронды түрде). 2018 жылмен салыстырғанда Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызмет санының төмендегенін атап өту қажет. Осылайша, көрсетілген қызметтердің жалпы саны 562 мыңға кеміді, ал электронды түрде 647 мыңға төмендеді (798 025-дан 151 395-ға дейін). Ол өткен жылы атқарылған жұмыстың нәтижесінде сервистер мен интеграциялар санының 2 есе артқандығын көрсетеді.

Маңғыстау облысы бойынша Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау аудандарында мобильді ХҚКО кестеге сай айына 2 рет шалғай елді мекендерге барып тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетеді. Есептік кезеңінде «Жылжымалы ХҚКО» 315 іс-сапарға шығып, 4 371 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның 3 183 –і қағаз жүзінде болса, 1 183 - электронды қызмет. Ал 2018 жылда 308 іс-сапарға шығып, құжаттар саны – 6 063 құрады, соның ішінде қағаз жүзінде – 2 561, 3 502 электронды қызмет болған еді.

Сонымен қатар 2019 жылы 1414 Бірыңғай байланыс орталығына мүмкіндігі шектеулі азаматтардан түскен өтініштер бойынша ХҚК-ң мамандары 464 рет үйлеріне бару арқылы жалпы саны - 690 мемлекеттік қызмет көрсетілді.