«Egemen Qazaqstan» газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетілетін «Сен де бір кірпіш дүниеге…» атты public talk форматындағы телевизиялық бағдарламасына қатысты.
Бағдарлама барысында қазақ баспасөзінің бүгіні мен болашағы төңірегінде әңгіме өрбіді. Көрермен қауым ел газетінің ішкі тыныс-тіршілігі жайында ақпарат алып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.