• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Ақпан, 2020

«Қазақша күрес» чемпионатында «Түйе палуан» номинациясын полицейлер жеңіп алды

461 рет
көрсетілді

Кеңес одағы әскерінің Ауған территориясынан шыққанына 31 жыл толуын атап өту мақсатында, Маңғыстау облысы ПД және «Динамо» спорт қоғамының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы құқық қорғау органдары арасында «Қазақша күрестен» чемпионат ұйымдастырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

«Рухани-жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту, қазақ күресінің аясын кеңейту мақсатындағы чемпионатқа барлығы 11 команда, 90-ға жуық қызметкерлер қатысты. Чемпионат 6 түрлі салмақ дәрежесінде «Динамо» спорт кешенінде өткізілді. Чемпионаттың ашылуына Маңғыстау облысы ПД-нің басшылары, ІІО-ның ардагерлер төрағасы және Ауған соғысының ардағерлері қатысып, Қазақстан Республикасының Гимні шырқалды. Чемпионатта Маңғыстау облысы «Қазақша күрес» федерациясының аға жаттықтырушысы Қайрат Бурбасов төрешілік етті.

Сонымен қатар 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде «Түйе палуан» номинациясынада белдесулер өткізілді.

Турнир Маңғыстау облысы ПД-нің «Фейсбук» және «Инстаграмм» әлеуметтік желілерінің тікелей эфирінен көрсетіліп, көрермендер желі арқылы жанкүйерлік етті.

ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қалиев Алтынбек жүлделі орын алған командалар мен қызметкерлерді медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады, сондай-ақ сәуір айында Петропавл қаласында қазақша күрестен өтетін ІІМ-нің чемпионатында жеңіс биігінне көрінуге тілек білдірді.