Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай даналығы – сырлы әлем, лирикалық әуен» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Бұл туралы мектептің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мектеп оқушылары хәкім Абайдың ұлттың ақыл-ойына қосқан үлесін «Ұлы дала елінің ұлы ақыны» театрландырылған қойылымы арқылы бейнеледі, «Домбыраға қол соқпа», «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» секілді өлмес туындыларды орындады.
Әдеби кеште жас зияткерлер мен ұстаздар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал 11-сыныптың оқушылары «Абай жолы» роман-эпопеясынан көрініс қойды.