Бүгін қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 364 техника бірлігі мен 1 457 жол жұмысшысы тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
17 ақпаннан 18-не қараған түні қар тазалау жұмыстарына 1 179 техника бірлігі мен 138 жол жұмысшысы жұмылдырылып, 38 576 текше метр қар шығарылды (3 215 рейс).
Айта кетсек, жалпы осы уақытқа дейін барлығы 318 959 рейс жасалып, 4 032 018 текше метр қар полигондарға төгілді.