• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Ақпан, 2020

Геологиялық барлау: 6 трлн теңгеге дейін инвестиция тартылады

153 рет
көрсетілді

Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасы қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевтің айтуынша, еліміздің мемлекеттік балансында 8 мыңнан астам кен орны тіркелген, оның ішінде 317 көмірсутек (мұнай, газ, конденсат), 910 қатты пайдалы қазбалар кен орны, 3 мыңнан астамы кең таралған пайдалы қазбалар және 4 мыңға жуығы жер асты сулары кен орны.

«Соңғы он жылдықта Шығыс Қазақстандағы моноқалаларға жақын орналасқан – Шемонаиха, Юбилейно-Снегирихин, Зырянов ірі қорғасын-мырыш кен орындары толықтай игерілді. 2025-2040 жылдарға таман Орлов, Малеев, Тишин, Риддер-Сокольный секілді кен орындарында да пайдалы қазба қорларының толықтай сарқылуы күтілуде. Бүгінгі таңда қорлардың өсім деңгей коэффициенті қатты пайдалы қазбалар бойынша – 0,13, ал көмірсутек шикізаты бойынша – 0,9 (Қашаған кен орнын есепке алмағанда). Соңдықтан да, жаңа кен орындарын ашу және оны іске қосу үшін, кем дегенде 10-15 жыл уақыт кететіндігін ескере отырып, геологиялық барлау жұмыстарын қазірден бастап жандандыру қажет», — деді М. Мырзағалиев.