Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев ЕӘҚжКҚК-нің аумақтық департаменттерінің басшыларымен, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаменті директорының орынбасары Ғанижан Асанұлының қатысуымен салалық жиналыс өткізді, оның барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру мәселелері қаралды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеңес жұмысын аша отырып, Нұрғалиев Еңбекминінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына бақылау жүргізіледі, бюджеттің дұрыс жасалуына және атқарылуына мониторинг жүргізу, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау қамтамасыз етіледі.
Еңбекминінің веб-сайтының жұмыс істеуінің айқындылығы мен ашықтығы оған баспасөз релиздерін, нормативтік-құқықтық актілерді, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге жауаптарды уақтылы орналастыру арқылы қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні министрлікте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет туралы арнайы бөлім жұмыс істейді.
Сонымен қатар Президенттің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыстар мен өмір сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру шеңберінде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынысы бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау үшін министрлікте «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды. Оның негізгі міндеттері әлеуметтік-еңбек саласының ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеу болып табылады.
Өз сөзінде ЕӘҚжКҚК басшысы аумақтық департаменттердің директорларына осындай жобалық кеңселер құруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау бойынша жұмысты күшейтуді ұсынды.
«Департамент басшылығы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауды күшейту; сыбайлас жемқорлық фактілерінің туындауын болдырмау үшін пациенттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандарымен байланысын азайту, куәландыру процесін қоспағанда, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің қызмет көрсететін емдеу мекемелерін ротациялау кестесін бекіту қажет деп санаймын», – деді Нұрғалиев.
Сондай-ақ ЕӘҚжКҚК төрағасы бірінші басшылардың бағыныштылары үшін жауапкершілігін еске салып, департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.