Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы жүлдесін иеленді. Грек-рим күресінен 55 келіде сынға түскен Хорлан Жақанша үздік үштікке енді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Хорлан қола медаль үшін өткен белдесуде таиландтық қарсыласынан 10:1 есебімен, мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша, Хорлан қатарынан екінші рет Азия чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр.
Айта кетелік, Хорлан осы салмақта 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.