БҰҰ кеңсесінде Қазақстанда тіркелген БҰҰ агенттіктерінің басшыларымен және 30-дан астам бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірге баспасөз-таңғы асы өтті. Құрметті қонақтар ретінде - ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов, «Қазақстан Медиа Альянсы» РҚБ басқарма төрағасы Арманжан Байтасов, ҚР БҰҰ жаһандық коммуникация департаментінің басшысы Властимил Самек, ҚР ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған іс-шара БҰҰ-ның құрылғанына 75 жыл және Қазақстандағы БҰҰ өкілдігіні қызметінің басталу күні - 1993 жылғы 17 ақпанға орайластырылды.
Е. Ысқақов Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ-ның белсенді мүшесі болып табылатынын және біздің еліміз халықаралық қоғамдастыққа үйлесімді еніп, онда лайықты орын ала алғанын атап өтті. 27 жыл ішінде БҰҰ өкілдігі БҰҰ жүйесіндегі өңірлік мандатпен жұмыс істеп тұрған 30-дан астам агенттіктердің 16-ын құрайды. Қазіргі уақытта Қазақстан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың Алматы қаласында БҰҰ-ның аймақаралық орталығын құру жөніндегі бастамасын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
А. Байтасов өзінің сыртқы саяси күн тәртібінде Қазақстан көмек алушы ел позициясынан даму саласындағы өңірлік серіктес позициясына біртіндеп ауысып келе жатқанына назар аударды. Бұл ретте стратегиялық басымдықтардың бірі Алматыда БҰҰ өңірлік хабын құру болып табылады. Бұл қадам Қазақстанға өңірлік дамуды, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосымша үлес қосуға мүмкіндік береді.
Өз сөзінде В. Самек БҰҰ-ның 75 жылдығын тойлау екі басымдыққа – цифрландыру мен жастарды тартуға арналғанын хабарлады. Белгілі болғандай, Қазақстан өңірдегі цифрландыру бойынша алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып табылады және өңір елдері мен халықаралық компаниялардың уәкілетті өкілдерін тарта отырып, ауқымды іс-шаралар өткізеді. Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында өткен осындай іс-шаралардың біріне БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд қатысты. Жастарды тарту тақырыбы да ел Үкіметінің күн тәртібінде өзекті болып отыр – өткен жыл Жастар жылы деп жарияланса, ағымдағы жыл еріктілердің жылы деп жарияланды.
Қазақстан БҰҰ агенттіктерінің жұмысына белсенді қатысады және елеулі үлес қосып, ұйымның өңірлік ұйымдармен диалогтық алаңдарының өзара іс-қимылын дамытуға жәрдемдеседі және БҰҰ-ның негізгі бағдарламалық құжаттарын жоспарлы түрде іске асырады.
К. Пиккат білім, ғылым және техника, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, мәдениет, коммуникация, ақпарат және информатика сияқты ынтымақтастықтың негізгі салалары анықталған Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның қызметі туралы айтып берді. ЮНЕСКО кезекті конференциясында орта ғасырлық Шығыстың ұлы ғалымы және философы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Шымкент қаласының 2200 жылдығы және көрнекті қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын 2020 жылғы ЮНЕСКО естелік күндер күнтізбесіне қосу туралы резолюция қабылдап, ЮНЕСКО арналарын пайдалана отырып, халықаралық деңгейде танымал ету үшін шет тіліндегі басылымдарда жарияланымдар шығару жөнінде шешім қабылдады. Осыған орай, ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Одрэ Азуле ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстанға сапары жоспарланып отыр.
Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша «сұрақ-жауап» форматында диалог және қазақстандық Медиа Альянстың БҰҰ-ның 75-жылдығына арналған іс-шараларды одан әрі жариялауға дайындығы болды.
Қазақстандық Медиа Альянс БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған Қазақстандағы іс-шаралардың модераторы болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау және нығайту, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін 1945 жылғы 24 қазанда құрылған халықаралық ұйым. Бүгінгі таңда БҰҰ 193 мүше мемлекеттің 41 000 қызметкерін құрайды және әлемнің барлық өңірлерінде қызмет атқарады. БҰҰ Бас хатшысы - Антониу Гутерриш (лауазымға 2017 жылдың 1 қаңтарында кірді).