• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2013

Жауапкершілік жүгінің мәні де, жөні де бөлек

360 рет
көрсетілді

Ауыл әкімдерінің алғашқы сайлауында өз туған ортасын өрелі істерге жұмылдыруға сенім көрсетілген Назар МАҒЗҰМОВ бұл күнде қызметіне қызу кіріскелі отыр. Бұқар жырау ауданының іргелі бір отауы – Корнеевка селолық округін басқару оған соншалықты таңсық болмаса да, осы жолғы жауапкершілік жүгінің мәні мен жөні бөлектігі талпынысты таудай етуге ұмтылдырады.

 

Ауыл әкімдерінің алғашқы сайлауында өз туған ортасын өрелі істерге жұмылдыруға сенім көрсетілген Назар МАҒЗҰМОВ бұл күнде қызметіне қызу кіріскелі отыр. Бұқар жырау ауданының іргелі бір отауы – Корнеевка селолық округін басқару оған соншалықты таңсық болмаса да, осы жолғы жауапкершілік жүгінің мәні мен жөні бөлектігі талпынысты таудай етуге ұмтылдырады.

– Өзіңізбен жарыса сынға түс­кен екі үміткерге қарағанда, таңдау­шы­лардың сізге берген дауыс саны ба­сымдырақ болғанын білеміз. Мұны күтіп пе едіңіз?

– Қанша айтқанмен білім терең­детіп, ауылдың негізгі саласымен өзектес мамандық меңгеруден бергі еңбек жолым жерлестерім тыныс-тіршілігімен біте қайнасып келе жатуына байланысты және жұрт мені жақсы білетіндіктен, іштей үміттің үлкен болғаны рас. Әйтсе де, сайлаудың аты сайлау ғой. Басқалардың өзіндік артықшылықтары да бағаланса, не дау, әрине. Сондықтан қатты толқығаным жасырын емес. Дауыс беру қорытындысы шығарылған бетте сенімді өкілім жеткізген қуанышты хабар ұмытыла қоймас, сірә. Халықтың өкілетті өкілдерінің қалауына лайық бола білу – басты мақсатым. Бұл міндетіме жаңаша сипат берері сөзсіз.

– Ауылыңыз біраз жерге мәлім. Шаруа­шылығы да, тұрмыс жағдайы да тәуір саналатын сыңайлы. Жұ­мы­сыңыз одан әрі қай бағытта жал­ғас­пақ?

– Ақжар, Алғабас атты бұрынғы екі бөлімшені және негізгі елді мекен орталығын қамтитын селолық округіміз аумағы мен тұрғындары жағынан ауданымыздың іргелі аймағы болып табылады. Учаскелік аурухананы сақтап қала алдық, 3 дәрігер, 9 медбике ауылдастары денсаулықтарына сақ. Бөлімшедегілердегі мектептер мен клубтар да жақсы күтімнің арқасында сол қалпында. Балаларға арналған спорт алаңдары жасалды.

Соңғы жылдарда қайта түрленіп, түлену жағы, шүкір, жаман емес. Өз ісін түзеп, егін егіп, мал өсіруді өрлетушілер арқылы тұрғындарымыздың жалпы әл-ауқаты әжептәуір өсу үстінде. Қазақы бауырмалдық, қолғабыстық жарасқан ауылымыз азаматтарының ынтымақтастығы – берекелі өмір тірегі.

Бізде еңбек етуге қабілетті 1 мыңға тарта жан арасында бос жүрушілер жоқ. Солай болуына барынша қолдау жасалады. Көбі 63 шаруа қожалығына еңбек етуге қамтылған, 10 жеке кәсіпкердің өзімен қоса өзгелердің де көштен қалмауына үлесі айтарлықтай.

Жасыратыны жоқ, кейінгі кезде жастардың тұрақтамауы белең алып келеді. Оны тоқтату, орнымызды басар буынды қалыптастыру сайлауалды бағдарламада көзделгендей, осы іске барынша күш салынбақ.

– Бағдарлама демекші, бірінші кезекте тұрған міндеттер мұнымен шектелмейтін шығар.

– Оған сөз бар ма?! Қай жағынан алсақ та жетіп артылады. Орталықтағы клубты қалпына келтіріп, мәдени өмірді құлпыртсақ дейміз. Ауылымыз бір кезде өнерпаздарымен атағы алысқа жайылған еді. Өнер оты маздаған жер тіршілігі қызықты, қызғылықты емес пе! Сондай ортаға айналуды басты назарда ұстамақпын.

Округтің айналасы табиғаты әсем­дігімен ерекшеленеді. Белағаш аталатын тұс шоғыр-шоғыр орман-тоғай. Оның көркін сақтап қана қоймай, алыс-жақы

Соңғы жаңалықтар