• RUB:
    4.94
  • USD:
    495.2
  • EUR:
    522.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Ақпан, 2020

«Аяла» қоры Алматыдағы №10 мектеп-интернатында 2 шеберхана құрды

733 рет
көрсетілді

Бүгін «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Кәсіби бағдарлау» жобасы шеңберінде Алматы қаласындағы №10 мектеп-интернатта екі шеберхана ашты. Бұл мектепте күнкөрісі төмен және көпбалалы отбасылардың балалары оқиды. Енді бұл балалардың «Орифлэйм» компаниясының демеушілік танытуымен сатып алынған ең озық технологиялармен тігіншілік және ағаш шеберлігінің тамаша дағдысын игеруге мүмкіндігі бар.

№10 мектеп-интернатта тігін және ағаш шеберханасы 2016 жылы «Орифлэйм» компаниясының демеушілік көмегінің арқасында пайда болған еді. Бірақ ол кезде құралдар мен материалдар аз болды. Сондықтан балалар тігіншілік пен ағашпен жұмыс жүргізудің негізгі дағдыларын ғана үйрене алды. Енді олардың екі толықанды шеберханасы бар, мұнде енді күн сайын 100-ге жуық жасөспірім оқудан өтеді.

Өз кезегінде «Орифлэйм» қайырымдылық жобаларының басты мақсаты – балалардың оқуына және кәсіби дайындықтан өтуіне көмек беру, өйткені алған білімі олардың болашақ берекелі өмірінің іргетасы болып табылады. «Көп жылдар бойы біз балалардың өз армандарын іске асыруына көмектесуге тырысып келеміз және біздің компанияның мұндай мүмкіндігінің бар екенін мақтаныш тұтамыз», – дейді «Орифлэйм» компаниясының өкілдері.

Ағаш шеберханасына заманауи шебер үстел, «үшеуі бірге» функциясы бар ағаш арасы, бұрғылау және қайрау станоктары, екі ажарлағыш машина, бірнеше ою арасы, бұрғы, бұрама шегені бұрағыш, шарқайрақ, металл және ағаш қол арасы – жалпы 903 400 теңге сомаға барлығы 40-тан астам жабдықтар орнатылған. Ағаш шеберханасындағы сабақтарды үлкен жұмыс тәжірибесі бар педагог Әділ Бекбердиев жүргізеді. Оның балаларды оқытудағы жоспары үлкен: азық-түлік турайтын тақтайлар, отырғыштар, үстелдер жасау, мектептің ағаш жиһазын жөндеу. Қазір мұның барлығын сатып алуға немесе тапсырыс беруге болады. Бірақ, Әділ Жолдасбайұлы мұндай шеберхана балалардың оқуда неғұрлым жинақы және зейінді болуына көмектеседі деп санайды. Сондай-ақ ересек өмірге пайдалы практикалық дағды алуына көмектеседі, оларды жиһаз жинауға, тұрғын үй жөндеуге және бәлкім, болашақ кәсібінде қолдануға мүмкіндік туады.

Бұл пікірмен жаңартылған тігін шеберханасында сабақ жүргізетін педагог Алмагүл Мұстафина да келіседі. Осы сабақтарда жоғарғы сыныпта оқитын қыздар тігін машинасында қалай қауіпсіз және дұрыс жұмыс істеуге болатынын, матаны қалай дұрыс таңдау керектігін біледі.. «Жай киімді немесе төсек ақжаймасын өз бетінше пішіп, тігу, матаны немесе киімді әдемі кестелеу, шалбарды, көйлекті, белдемшені жөндеу немесе қайырып тігу – осындай күнделікті өмірге қажетті дағдыны қыздар біздің жаңа шеберханада үйренеді. Ал мұны заманауи қауіпсіз және жайлы жабдықта жасау бәріне ұнайды және ынталандыра түседі», – деді Алмагүл Сейфуллақызы.

Бес тігін машинасы, оның ішінде бір өнеркәсіптік, үш жіптік торлағыш, бумен жібіткіш, үлкен ыңғайлы пішетін үстел, үш тігін манекені, үтік, үтіктеу тақтасы, жіптер, қайшылар, инелер жиыны – барлығы 552 050 теңге болатын осы тігін шеберханасы үшін жабдықтардың толық жиынтығын құрайды.

«Кәсіби бағдарлау» жобасын іске асырудың 6 жылы ішінде біздің қор 5 курс ұйымдастырды, 19 арнайы шеберхана ашты, ондаған тамаша және үйретуге құштар адамдарды педагог және тәлімгер ретінде тартты. Біз 5 баланы шаштараздыққа, 20 оқушыны – тігіншілікке оқыттық. 60 жасөспірім үй жағдайында қарапайым тамақ дайындау курсынан өтті. Жоғары сыныптардың 30-дан астам оқушылары әлеуметтік желілер үшін қызықты бейне-контент жасауды үйренді. Алматыдағы 2 мектеп-интернаттың және облыстық балалар үйінің 21 жасөспірімі осы аптада визаж, нейл-стилист, ТД-жүргізушісі және журналист, сайт жасау және автоэлектрик курстарында оқуын бастады. Бүгін біз №10 мектеп-интернатта екі заманауи және қауіпсіз шеберханалардың жұмыс істей бастағанына қатты қуанып отырмыз. Осы жобаға қолдау көрсеткен «Орифлэйм» компаниясына үлкен алғысымызды білдіреміз. Бұл шеберханалардағы сабақтар көптеген жасөспірімдердің өзіне және өз күшіне сенімді болуына көмектесетініне, ал кейбіреулеріне болашақ кәсібіне және тіпті өз ісін бастауына жол ашатынына сенімдіміз», деді «АЯЛА» қорының президенті Айдан Сүлейменова.