• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Ақпан, 2020

Иранда коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды

115 рет
көрсетілді

Иранда коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды. Бұл туралы ИРНА агенттігі хабарлады.

«Бірнеше минут бұрын Денсаулық сақтау министрі мекеме мамандарының баяндамасына сүйене отырып, Кумда коронавирус жұқтырды деген күдігі бар екі адамның сараптамасы оң нәтиже көрсеткенін мәлім етті», - деп жазды ол Twitter парақшасында.

«Өкінішке қарай, коронавирус анықталған егде жастағы екі адам жан тапсырды», деп хабарлады Джаханпур. Бұған дейін Иранның Денсаулық сақтау министрі екі адамның коронавирус жұқтырғанын растаған болатын. Бұл ақпаратты ирандық үкімет өкілі Алии Рабии де растады.

Бұл Ирандағы алғашқы коронавирус жұқтыру оқиғалары. Екі адам қаза тапқан Кумда бейсенбі күні мектептердегі сабақ тоқтатылды.

19 ақпан күнгі соңғы мәліметтер бойынша Қытайда жаңа коронавирустан қайтыс болғандар саны екі мың адамнан асты.

19 ақпандағы соңғы мәліметтерге сәйкес, 2019-nCoV коронавирустың жаңа түрімен туындаған пневмониямен ауыратындардың саны 74 мың адамнан асты, 2004 адам қайтыс болды. Инфекция аурулары тек Қытайда ғана емес, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, АҚШ, Сингапур, Франция, Малайзия, Непал, Украина және басқа елдерде тіркелген.