• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Ақпан, 2020

Елімізде ет қымбаттады

274 рет
көрсетілді

Елімізде сиыр және қой еті бір жылда 16-17 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы energyprom.kz порталының сарапшылары айтты. 

Мамандардың сөзіне сенсек, қаңтарда жылдық инфляцияның деңгейі 5,6 пайыз болып, азық-түлік тауарлары 9,2 пайызға қымбаттаған. Ал ет өнімдерінің бағасы 13 пайызға қымбаттап, ет пен құс етінің бағасы 14,7 пайызға өскен. 

Одан бөлек, сиыр еті 16,5 пайызға, қой еті 16,2 пайызға, жылқы еті 14,5 пайызға қымбаттаған. 

Жалпы ет өндірісі өскен: қаңтарда Қазақстан 21,1 миллиард теңгеге ет және ет өнімдерін өндіріп, қайта өңдеуден өткізіп, консервацияланған. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, инфляцияның өсуі 0,7 пайыз болған. Жалпы, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында елімізде 269 миллиард теңгенің ет және ет өнімдері өндірілді, нақты өсім 8,1 пайыз болған.

Былтыр 156 мың бас ірі қара мал шығарылған. Оның 121,6 мыңы (78 пайыз) Өзбекстанға жеткізілген. Одан бөлек, елден 264 мыңға жуық қой экспортталды, олардың жартысынан көбісі асыл тұқымды мал. Ұсақ малдың негізгі сатып алушысы - Өзбекстан: 200 мыңнан аса қой (76 пайыз). Ресейге 21,5 мың бас экспортталған (8,1 пайыз), Әзербайжан - 18 мың (6,7 пайыз), Иран - шамамен 12 мың (4,5 пайыз).