• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Тамыз, 2013

Кәсіпорынға – 70 жыл

393 рет
көрсетілді

Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында өткен «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы — Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 70 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиынға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов және облыстық кәсіподақтары кеңесінің төрағасы Түрікпенбай Айжарықов бастаған бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, зауыт ардагерлері мен жұмысшылары қатысты.

Мерекелік салтанат шымыл­дығы зауыт тарихы мен оның өркендеу жылдары, кәсіпорындағы жұмыстардың қазіргі технологиясы жайында түсірілген бейнефильм көрсетумен ашылды. Қазақстан қара металлургиясының қарыл­ғашы болып табылатын зауыт өз жұмысын Ұлы Отан соғысы қызып тұрған 1943 жылдың қаң­тарында бірінші «Комсомол» пешін іске қосумен бастаған болатын. Іс-шара барысында майданға аса қажет болған металдың қа­лай алынғаны, сол күндері жұ­мыс­шылардың «Бәрі де Жеңіс үшін!» атты ұранмен тәулік бойы үзіліссіз жасаған жұмыстары туралы театрландырылған қойылым көрсетілді.

Кәсіпорынның 70 жылдық мерейтойында сөз алған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов зауыт ұжымын, ардагерлерді мерекемен құттықтап, болашақта мол табыс тіледі. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемең­гер саясатының арқасында Қазақ­станның эко­но­микалық әлеуеті жыл сайын арта түсіп отырғанын тілге тиек ете ке­ліп, елімізде жыл сайын жаңа бағ­дарламалар қа­былданып, жүзеге асырылып жатқанына тоқталды. Облыс­та үдемелі индустриялық-инно­ва­циялық мемлекеттік даму бағдарламасының орындалуына зауыттың қосып отырған үлесі зор екенін атап өтті.

Мерейтойлық жиында «Қазхром» трансұлттық компания­сы» АҚ президенті Виктор Тиль жоғары кәсіби біліктілік пен үздік еңбектің жемісі, кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі ретіндегі бүгінгі табыстар үшін зауыт арда­герлері мен ұжымға ыстық ықыласты сөзін арнап, алғыс сезімін білдірді.

Мерекелік іс-шара аясында бір топ өндіріс озаттары «Қазхромның» еңбегі сіңген жұмыскері», «Қазхромның» құрметті жұмыскері» алтын және күміс төсбелгілерімен марапатталса, бес маманға жеңіл автокөлік сыйланды.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.